Германия канцлері Ангела Меркель Түркияда

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу мен Германия канцлері Ангела Меркель Анкарада бас қосты

429057
Германия канцлері Ангела Меркель Түркияда

Германия канцлері Ангела Меркель ресми сапармен Анкараға келді.

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу ешкімнің «сириялық босқындарды қабылдайды» деп, Түркияның бұл мәселені жалғыз өзі көтеруін күтпеу керектігін атап айтты.

Давутоғлу ресми сапар аясында Анкараға келген Германия канцлері Ангела Меркельмен Чанкая резиденциясында бас қосты.

Екі басшы оңаша кездесудің артынан ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Давутоғлу босқын мәселесінің Түркияның жалғыз өзі көтеруін күтпеу керектігін атап «Ешкім 'Түркия бәрібір қабылдайды' деп, ашық түрде қырғын жасап отырған орыс шабуылдарын көрместен келіп, оған еркіндік бере алмайды» деді.

Босқын дағдарысы тақырыбында НАТО-ның іске кірісу керектігін атап айтқан Даутоғлу «Бейсенбі күні өтетін НАТО Қорғаныс министрлері жиналысында босқын көшінің барлық нәтижелері тақырыбында НАТО-ның іске қосылуы жөнінде Түркия мен Германия мұны бірге күн тәртібі ретінде НАТО-ға ұсынады. Әсіресе НАТО-ның бақылау, күзету механизмін шекара мен Эгейде ықпалды түрде қолдануы тақырыбында ортақ күш жұмсаймыз» деді.

Германия канцлері Ангела Меркель болса Еуропаның заң аясында көш үшін дайындық жасауы керектігін білдірді.

Мүмкіндігінше контингент ашып, сириялықтардың Еуропаға өтуін қамтамасыз еткілері келгенін атап көрсеткен Меркель мұның «Түркиядағы босқындарды қабылдау» деген мағынаға келмегенін білдірді.

Адам саудасының да алдын алу керектігін атап көрсеткен Меркель сириялықтар үшін отандарына, үйлеріне жақын болудың маңызды екенін атап, бұл адамдар үшін бөлінген 3 миллиард евролық жәрдемнің тезарада қамтамасыз етілетінін атап көрсетті.

Неміс басшы «Мыңдаған адам орыс шабуылдарымен бомбаланады. Мыңдаған адам зардап шегуде» деді.



Ұқсас жаңалықтар