Жағалау күзету жасақтары 42 келімсекті құтқарды

Жағалау күзету жасақтары шетелдік келімсектерді қату қаупінен құтқарды.

424676
Жағалау күзету жасақтары 42 келімсекті құтқарды
Чанаккаледе заңсыз жолмен Грекияның Мидилли аралына өтуге тырысқан 42 шетелдік келімсекті үрлемелі қайықта қатып жатқан кезде құтқарды.
Араларында әйелдер мен балаларда бар Ауғанстан және Сирия текті шетелдіктер Мидилли аралына өту үшін үрлемелі қайықпен Айважыкқа қарасты Бүйүкхусун ауылы жағалауынан теңізге шықты.
Келімсектер -8 градусқа дейін төмендеген аймақтың температурасына жеңіліп, жағалаудан алыстаған соң «158 Жағалау қауіпсіздігі» нөміріне телефон шалып жәрдем сұрады.
Аймаққа барған құтқару топтары 42 адамды салқын ауада құтқарып, Айважыктағы Шетелдіктерді кері қайтару орталығына апарды.
Науқастанған бір адам жедел құтқару көлігімен Айважык мемлекеттік ауруханасына апарылды.


Ұқсас жаңалықтар