Диярбакырда 3 полиция шәйіт болды

Диярбакырда террор ұйымы жолға орналастырған бомбаның жарылуымен 3 полиция қызметкері де жарақат алды.

410568
Диярбакырда 3 полиция шәйіт болды

Диярбакырда жолға орналастырылған жарылғыштың атылуымен 3 полиция шәйіт болды, 3 полиция жарақат алды.
Оқиға Диярбакыр-Силван трассасының 35-ші шақырымында Оғузлар ауылы маңында болды.
Полицияны тасыған сауытты көлік өткен кезде террористтер алдын ала жолға орналастырған бомбаны жарды.
Шәйіт және жаралы полициялар ауруханаға апарылды.
Аймақта террористтерді ұстау үшін ауқымды операция басталды.
Басқа жағынан террор ұйымы ПКК-дан қашқан 7 террорист Шырнакта қауіпсіздік күштеріне берілді.
Шырнак губернаторлығынан жасалған мәлімдемеде ПКК/КЖК (PKK/KCK) террор ұйымы мүшелерінің ПКК террор ұйымынан қашып, қауіпсіздік күштеріне берілгенін атап көрсетті.
Соңғы екі жылдың ішінде ұйымнан қашып қауіпсіздік күштеріне берілген террорист саны мың 102-ге жетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар