ЕО-қа мүшелік кезеңі аясында тағы бір тақырып ашылды

Еуроодақ (ЕО) пен мүшелік келіссөздерінде №17 Экономикалық және қаржы саясаты тақырыбы Брюссельде ашылды.

409454
ЕО-қа мүшелік кезеңі аясында тағы бір тақырып ашылды

Брюссельде жүзеге асқан Үкімет аралық мүшелік конференциясының 11-ші жиналысында №17 Экономикалық және қаржы саясаты тақырыбы ашылды. Осылайша Түркияның Еуроодақ мүшелігі келіссөздері аясында ашылған тақырыптар саны 15-ке жетті.
Жиналыста Түркия атынан Еуроодақпен келіссөз делегациясының төрағасы, Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Волкан Бозкыр, Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Еуроодақ Кеңесі атынан болса кезекті төрағалық қызметін атқарған Люксембург Сыртқы істер министрі Жан Ассельборн қатысты.
Бұл тақырып Еуроодақтың экономика саясаты, еркін бәсекеге сүйенген ашық нарық экономикасы принципі негізінде бәсеке қабілетін арттыру, инновацияны ынталандыру, жалғастыра аларлық өркендеудің қамтамасыз етілуі, өсу және жұмыс күшін арттыру сияқты ортақ нысаналар бағытында мүше мемлекеттердің экономика саясатын сәйкестендіруді қамтиды.
Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек Түркияның Еуроодақпен етене жақын болғанын, толық мүшелік үшін қандай шарт болмасын орындауға дайын екендерін атап айтты.
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу болса «Екі жылдық үзілістің артынан тағы бір тақырыптың ашылу символдық тұрғыдан маңызды бір жаңалық. Бұл тек қана Түркия мен Еуроодақ үшін емес, бүкіл аймақ үшін аса маңызды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар