Орыс ұшағының құлатылуы бүкіл әлемде жаңғырық туғызды

Түркия әуе кеңістігін бұзған ұшақтың құлатылуымен байланысты дипломатиялық байланыстар жалғасуда.

421996
Орыс ұшағының құлатылуы бүкіл әлемде жаңғырық туғызды

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу бұл аяда Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Германия канцлері Ангела Меркель және НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергке телефон шалды.
Премьер-министр Давутоғлу Кэмеронмен әңгіме барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және НАТО-мен егжей-тегжейлі ақпарат бөлісті.
Давутоғлу Германия канцлері Ангела Меркельге де телефон шалып, құлатылған орыс ұшағы жайлы мағлұмат берді.
Ангела Меркель мен Дэвид Кэмерон премьер-министр бөліскен ақпарат үшін алғысын айтты. Басшылар 29 қараша күні Брюссельде өтетін Түркия-Еуроодақ саммитінде мәселені талқылауға шешім қабылдады.
Премьер-министр Давутоғлу НАТО Бас хатшысы Столтенбергпен де түрік әуе кеңістігін бұзған соғыс ұшағы тақырыбында көзқарас алмасты.
Әңгіме барысында Столтенберг Түркияның қауіпсіздігі жайлы НАТО құрамында атқарылған жұмыстар жайлы мағлұмат берді.
Тақырыптың алдағы күндерде Брюссельде ұйымдастырылатын НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында қолға алынатынын атап көрсетті.
Басқа жағынан НАТО тұрақты өкілдерінің өкілетті елшілері Түркияның шақыруымен жедел түрде жиналды.
Жиналыста түрік делегациясы ұшақтың құлатылуы жайлы ақпарат бөлісті.
Шамамен 1 сағатқа жалғасқан жиналыстың артынан өкілетті елшілер Түркияны сабырлылыққа шақырды.
НАТО орыс ұшағының түрік әуе кеңістігін бұзғанын жариялады.
Еуроодақта тараптарды тыныштыққа шақырды.
Еуропа кеңесі төрағасы Доналд Туск әлеуметтік медиа парақшасынан жариялаған мәлімдемесінде «Орыс реактивті ұшағының құлатылуымен өте қауіпті бір кезеңнен өтудеміз. Бұл кезеңде барша сабырлылық сақтап, ақылмен қозғалу керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар