Украина жалаушалы қайыққа операция жасалды

Чанаккаленің Бозджаада ауданында шетелге заңсыз түрде апарылып жатқан 84 сириялық келімсек ұсталды.

421447
Украина жалаушалы қайыққа операция жасалды

Чанаккаленің Бозджаада ауданында украин жалаушалы қайыққа операция жасалды. Заңсыз жолмен шетелге апарылған 84 сириялық келімсек ұсталды.
Теңіз күзету топтары украин жалаушалы «Орыс» атты қайықты заңсыз келімсектерді тасымалдағаны күдігімен тоқтатты.
Таваклы жағалауында бір топ келімсектің қайыққа мінгені радар және термал камералар арқылы анықталды.
Қайықтағы келімсек санының көп болуы мүмкін екенін бағалаған Теңіз қауіпсіздік күштеріне қарасты Чанаккале қолбасшылығы операция жасады.
Теңіз күзету топтары қайыққа мінген Сирия текті 84 келімсекті қолға ұстады.
Келімсектерге қоса ұсталған және осы заңсыздықты ұйымдастырған 4 украин текті экипаж да тергеуге алынып, Гүлпынар жандармерия қолбасшылығына жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар