Лавров келмейтін болды

Түркияның Сириямен шекарасын бұзып кірген орыс ұшағының құлатылуының жаңғырықтары жалғасуда.

421852
Лавров келмейтін болды

Түркияның Сириямен шекарасын бұзып кірген орыс ұшағының құлатылуының жаңғырықтары жалғасуда.
Ресей президенті Владимир Путин ұшақтың 6 мың метр биіктікте және түрік территориясынан бір км қашықтықта ұшқанын алға тартты.
Ресейдің Сочи қаласында Иордания королі ІІ Абдуллахпен кездесуінде баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Путин: «Бұл жағдайдың Түркиямен қатынастарда үлкен нәтижесі болады» деді.
Орыс басшы құлатылған ұшақтың Сирияда ДАИШ-ке мүше террористтерге үлкен соққы енгізгенін алға тартты.
Ресей Қорғаныс министрлігі де ешбір шекара бұзушылығы болмағанын айтып, «құрлықтан атқылаған болуы керек» деген еді.
НАТО болса Түркияның талабымен төтенше бас қосады.
Одақтың мәлімдемешісі «Жағдайды жіті бақылап отырмыз, түрік басшылармен байланыстамыз» деп хабарлады.
Түрік делегацияда төтенше жиналыста орыс ұшағы құлатылған жердің координаттары сынды мәліметтерді бөліседі.
Осы тақырып Анкарада да дипломатиялық қозғалысқа жол ашты. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресейдің Анкарадағы өкілдері Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оларға мәлімет берілді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров аталмыш оқиғаға орай ертеңгі Түркия сапарына келмейтін болды.
Анкарада болса президент Ердоғанның басшылығында Қауіпсіздік жиналысы өткізіліп, тақырып жан-жақты қаралады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар