Үкімет құру жұмыстары

Анкарада енді барлық назар жаңа кабинетке ауды.

367955
Үкімет құру жұмыстары

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағалығы сайлауынан кейін Анкараны тығыз күн тәртібі күтіп тұр.


Президент Режеп Тайып Ердоған үкіметті құру міндетін Ахмет Давутоғлуна тапсырған еді. Анкарада енді барлық назар жаңа кабинетке ауды.


Давутоғлу осы апта президент Ердоғанға үкіметтің тізімін тапсырады деп күтілуде.


Давутоғлу кеше журналистерге қысқа уақытта үкіметті құратындарын айтты.


Кабинет жарияланғаннан кейін барлық назар тағы Мәжіліске ауады. Министрлер кабинетінің бағдарламасы үкімет құрылғаннан кеш дегенде бір апта ішінде премьер-министр немесе бір министр тарапынан жалпы кеңесте оқылады. Барлық партиялар бағдарлама жөніндегі пікірлері мен сындарын тілге тиек етеді.


Талқылаудан бір күннен кейін дауысқа салынады.


Мәжілістің басшылар алқасы да осы үдерісте қалыптасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар