Үлкен 20 елдері Басшылар саммиті аяқталды

Жиналыстың ортақ декларациясын президент Режеп Тайып Ердоған оқыды.

418048
Үлкен 20 елдері Басшылар саммиті аяқталды

Анталияда әлем басшыларының басын қосқан Үлкен 20 елдері Басшылар саммиті аяқталды.
Жиналыстың қорытынды декларациясын президент Режеп Тайып Ердоған оқыды.
Ортақ декларацияның ортақ бір ұстанымды ортаға қоюы тұрғысынан маңызды екенін атап айтқан президент Ердоған террорға назар аударды.
Президент Ердоған «Террордың діні, ұлты, нәсілі, аймағы жоқ. Терроризмді бір дінге қатысты деп көрсету үлкен құрметсіздік. Кезкелген бір дінмен теңеу қандай қате болса мұндай бір ұстаным сол діннің өкілдеріне қарсы жасалған үлкен қорлық, үлкен құрметсіздік. Барлық діндерде өмір сүру құқы киелі болып табылады» деді.
Сирия тақырыбында халықаралық қоғамның белсенді бір ынтымақтастық жасап, шығынды бөлісу керектігін атап көрсеткен Ердоған Анталия саммитінің ең маңызды жетістігінің «Үлкен 20 елдері ретінде терроризммен күрес тақырыбында ортақ бір ұстаным ортаға қоюы» екенін білдірді. Асадтың Сирияның келешегінде орны жоқ екенін атап көрсеткен Ердоған «Үлкен 20 басшылары ретінде террор ұйымдарымен жаппай күрес жүргізу тақырыбында ортақ көзқараста екенімізді көрдік. Сирияда барша қабылдайтын бір шешім жайлы келісімге келмей босқын мәселесінің шешімі де мүмкін емес. Қонақжай ел ретінде маңызды тақырыптарымызды 3 негізгі тақырыпта жинақтадық. Ауқымдылық, іске асыру және инвестициялар. Экономикаларымыздың нақты көрсеткішпен күшін арттыру, жұмыс күшін қолдау, шыдамдылықты күшейту, өркендеуді ынталандыру және саясатымыздың ауқымдылығын арттыру үшін бірге қозғалудағы тұрақтылығымызды жалғастырамыз. Өсудің мықты және ауқымды болуы тақырыбында табандымыз және одан көп, одан сапалы жұмыспен қамдаймыз» деді.
Ортақ декларацияда бүкіл елдердің босқын дағдарысының шешімі үшін күш жұмсауын талап етті.
Президент Ердоған «Лаңкестіктер мен босқындарды бір мәселе ретінде қарауды гуманитарлық жауапкершіліктерден қашу деп есептейміз. Әрі терроризммен күресті, әрі босқын дағдарысына шешім табу талпыныстарын бірге жүргізуге тиістіміз. Босқын мәселесі мен террор мәселесін бір-бірімен шатастырмау керек» деді.
Ортақ декларацияда терроризмнің халықаралық бейбітшілікке қауіп төндіргенін және жаһандық экономиканы күшейту талпыныстарға кедергі жасағаны орын алды. Ортақ декларацияда тараптар 2018 жылға дейін ортақ табыс көрсеткіштерін 2 пайыз арттыруға уәде берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар