Түрік қарулы күштері ПКК-ға қарсы ауқымды операцияға дайындалады

Түрік қарулы күштері Солтүстік Ирактағы ПКК-ға қарсы қысқы тазалау операциясы дайындықтары үшін бұйрық берді.

415233
Түрік қарулы күштері ПКК-ға қарсы ауқымды операцияға дайындалады

Түрік қарулы күштері террористтердің аймақтан толығымен тазартылуы үшін Солтүстік Иракқа бағыттап ауқымды бір операцияға дайындалады.
ПКК террор ұйымына Икияка, Бузултаулары және Доски алқабындағы соққының артынан Түрік қарулы күштері қала орталықтары мен ауылдық аймақтардағы негізгі бағытты террористтер тарапынан орналастырылған қолдан жасалған жарылғыштардан тазалай бастады.
ПКК террористтерінің көптеген бомба орналастырған Шемдинли-Алтынсу ауылы арасындағы бағытта жұмыстарын жылдамдатқан қауіпсіздік күштерінің сондай-ақ Солтүстік Иракқа бағытталған операциясы алдында жолдардың қауіпсіз күйге келтірілетіні білдірілді.
Тау мен жолдар қолдан жасалған жарылғыштардан тазаланып, шекарадан тыс қарулы топтарға соққы үшін қардың жауы күтілетін. Қауіпсіздік күштері қардың жауымен бірге террористтердің ізіне түсу тақырыбында одан жеңіл қозғалу қабілетіне ие болады.
Қардың жауының ең үлкен пайдасы болса Солтүстік Иракқа өту кезінде тұзақтардың әсерін жоғалтуы және тетіктердің жұмыс істемеуі. Аймақтағы арнайы жасақтарға «қараша айы соңында жүзеге асуы ықтимал құрлық операциясы үшін дайындықтарды бастауға» тапсырма берілгені алға тартылды.
Жазғы маусымда қолдан жасалған жарылғыштар қауіпсіздік күштері өткен кезде ПКК террор ұйымы мүшелері тарапынан алыстан жарылып, артынан қауіпсіздік күштеріне дочка қаруымен жасалған шабуылдар нәтижесінде көптеген қауіпсіздік қызметкері шәйіт болған еді. Икияка-Бузул-Доски үштігіне ұйымдастырылған операция бағытында 119 ПКК-лық өлтірілген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар