Ердоған сайлау жөнінде мәлімдеме жасады

Сайлау нәтижесіне баршаның құрмет көрсетуі керек

407396
Ердоған сайлау жөнінде мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған 1 қараша сайлау нәтижелерінің белгілі болуынан кейін жазбаша мәлімдеме жасады.
7 маусым сайлауының қайталануы мағынасындағы депутаттық сайлаудың демократиялық бір түсінік ішінде тамамдалғанын баяндаған Ердоған «Сайлау нәтижелері ұлтымыздың таңдауының 7 маусымда қауіпті болған тұрақтылық пен тыныштыққа ие шығу жағында екенін көрсетті» деген сөйлемдер қолданды.
Президент Ердоған сайлау нәтижесі бойынша Түркияны 13 жылдан бері жалғыз басқарған Әділет және даму партиясының алдымыздағы 4 жыл ішінде ұлтымыздан қайтадан билік алғанын айтты.
Ердоған «Халқымыз 1 қараша сайлау арқылы мемлекетіміздің береке-бірлік және тұтастығына ие шығу жігерін ортаға қойды. Осы жігерге баршаның құрмет көрсететініне сенемін» деді.
Мәлімдемесінде жалғыз өзі билік басына келген Әділет және даму партиясын, Әділет және даму партиясы төрағасы және премьер-министр Ахмет Давутоғлын құттықтаған Президент, сандықта ортаға қоған жігер арқылы Түркияның болашағына, 2023 нысаналарына ие шыққан ұлттың әрбір азаматына рақмет айтқанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар