Шетелде дауыс беру мерзімі аяқталды

Түркияда Еуропадағы сайлаушылардың 8 қазан күні басталған дауыс беру мерзімі кеше аяқталды.

400142
Шетелде дауыс беру мерзімі аяқталды

Шетелдегі барлығы 2 миллион 895 мың 885 тіркеулі сайлаушыдан 1 миллион 76 мыңы сандыққа барды.
Ең көп тіркеулі шетелдік сайлаушы бар Германияда 650 мыңға жуық сайлаушы дауыс берді.
Көптеген Еуропа қаласында 7 маусым жалпы халық сайлауына қарағанда одан көп сайлаушының сандыққа баруы және кейбір қалаларда сайлаушылардың сандықтар құрылған орталықтардың алдында дауыс беру үшін ұзын кезектерде тұруы назар аударды.
Шетелде 54 ел мен 113 өкілдікте дауыс берген Түркия Республикасы азаматтарының дауыстары дипломатиялық қызметкерлер арқылы Түркияға әкелінеді.
Анкарадағы Шетелдіктер аудандық сайлау кеңесіне әкелінетін дауыстар 1 қараша күні барлық елде дауыс беру жұмыстарының артынан басқа дауыстармен бірдей уақытта санаққа алынады.
Кеден қақпаларында дауыс беру жұмыстары 1 қараша жексенбі күні сағат 17:00-ге дейін жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар