Шетелде дауыс беру жұмыстары жалғасуда
Шетелде өмір сүрген түрік сайлаушылардың 1 қараша күнгі жалпы халық сайлауы үшін дауыс беру жұмыстары жалғасуда.
Германияның Кельн қаласында жүздеген түрік азаматы консулдық алдында ұзын кезекке тұрды.
Австралиядағы 42 мың 771 сайлаушының маңызды бөлігі дауыс берді.
АҚШ-тағы шамамен 91 мың түрік сайлаушысының да дауыс беру жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.
2 миллион 895 мың 885 ретінде жарияланған шетелдік сайлаушылардан Германия, Австралия, Бельгия, Дания, Франция, Швейцария және Солтүстік Кипр Түрік Республикасында өмір сүрген түрік азаматтары 8 қазан күнінен бастап, дауыс бере бастаған еді.
Сайлаушылар 25 қазан күніне дейін дауыс бере алады.
Сайлау аяқталған соң дипломатиялық дорбаларға қойылатын дауыстар арнайы қызметкерлер арқылы Түркияға жіберіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен сөйлесті
Ердоған Иран президентінің өкілі Мұхаммед Мухбирмен телефон арқылы сөйлесті.
Түркияда аза тұту күні жарияланды
Иран Президентінің қазасына байланысты Түркияда аза тұту күні жарияланды.