Авиация конференциясы Анталияда

Халықаралық авиация конференциясы биыл Түркияда өтуде.

355894
Авиация конференциясы Анталияда

Халықаралық авиация конференциясы биыл Түркияда өтуде.


Қатынас, теңіз және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация дирекциясының басшылығында Түрік әуе жолдары, Пегасус, Atlasglobal әуекомпаниясы мен TAV компаниясының ынтымақтастығымен авиация конференциясы ICAN 2015 Анталияда басталды.


Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің төрағасы Др. Бенард Алию авиация секторының әлем бойынша жылына шамамен 3,3 миллиард жолаушы және 50 миллион тонна жүк тасығанын айтып, 2020-2030 жылдар аралығында ұшақпен ұшатын жолаушы санының бұдан екі аса артатынын атап көрсетті.


Конференцияда сөз сөйлеген Түркияның Азаматтық авиация бас директоры Билал Екши де биылғы конференцияға 94 елден 800-ден астам делегаттың қатысып отырғанын айтты.
Конференцияда азаматтық авиация, шетелге ұшуды арттыру үшін келісімдер, аймақтық және екі жақты ынтымақтастықтар қолға алынуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар