Түрік ұшақтары құлатты

Түрік қарулы күштері белгісіз бір әуе көлігінің құлатылғанын хабарлады.

354920
Түрік ұшақтары құлатты

Түрік қарулы күштері Сирия шекарасында түрік әуе кеңістігіне кірген бір әуе көлігінің құлатылғанын мәлімдеді.


Бас штабтан жасалған хабарламада: «Сирия шекарасында еліміздің әуе кеңістігінде ұлты белгісіз бір әуе көлігі анықталды. Үш мәрте ескертілгеніне қарамастан ұшуын жалғастырғандықтан шекарадағы барлау міндетіндегі ұшақтарымыз оқ атып құлатты.


Түрік қарулы күштері өзіге берілген міндетті қағида бойында табандылықпен орындауда»


Ресей Федерациясы Әуе күштерінен бір делегация кеше Бас штабқа келіп, мағлұмат бөліскен болатын.


Қолбасшы орынбасары генерал-майор Дронов басшылығындағы делегация 3-4 қазан күндері болған әуе кеңістігі бұзушылықтарының себебін анықтау және бұлардың қайталанбауы үшін қолданылған шаралар жөнінде көзқарас алмасты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар