Ердоған Финляндия президентімен басқосты

Басқосудың артынан жасалған мәлімдемеде президент Ердоған Анкарадағы террор шабуылына тоқталды.

392174
Ердоған Финляндия президентімен басқосты

Анкарадағы шабуылдың Сириядан жасалғаны жайлы ақпараттар бар екенін атап айтқан президент ДАИШ, ПКК, PYD, YPG, DHKP-C және олардың тармақтарына қоса барлық ықтималдардың назарға алынғанын атап көрсетті.
Ердоған ресми сапармен Түркияға келген Финляндия президенті Саули Нийнистемен басқосқан соң ортақ баспасөз мәслихаты өткізді.
Террорды басқарылуына қарап жіктемегендерін атап айтқан Ердоған «Біз террорды өздерін қалай танытқанына, қандай аталғанына, ұранына, басқарылуына қарап жіктемейміз. Тек қана солай атаймыз. Ашық айтамын, мәселеге осылай қарамаған, террор мен террор ұйымдарына қарсы екі ұдайылықпен қарайтын барша террорға қолдау береді. Біз өлімдер арасында айырмашылық жасамаймыз, қанішерлерді де, террор ұйымдарын да жіктемейміз. Барлық террор ұйымдары біздің назарымызда бірдей қанішер, бірдей ақылақсыз, бірдей деңгейде жаман» деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған бас қала Анкарада сенбі күні жасалған лаңкестік шабуылды зерттеу үшін Мемлекеттік бақылау кеңесіне тапсырма берді.
Президент Ердоған Анкара вокзалында 97 адамның қаза табуына себеп болған шабуылдың Түркияға қарсы жасалғанын нысананың ел мен ұлтты екенін атап көрсетті.
Ердоған «Тек қана шабуылшылар емес, оларды пайдаланған күштерді де міндетті түрде ортаға шығару керек. Анкара шабуылы жайлы Мемлекеттік бақылау кеңесіне тапсырма бердім. Әртүрлі көзқараспен қарауларын талап еттім. Шабуылмен байланысты ешбір ықтималды байқаусыз қалдырмау керектігін ойлаймын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар