Анкарадағы шабуылда қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Анкара мен Стамбұлда тағы 2 жанкешті ұсталды.

391130
Анкарадағы шабуылда қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Анкара вокзалында Еңбек және демократия митингіне қатысу үшін қалың жұрт жинала бастаған кезде бірінен соң бірі 2 жарылыс болды. Оқиғаның артынан 3 күндік аза жарияланды.
Премьер-министрлік координация орталығынан жасалған мәлімдеме қайғылы жағдайды көз алдына жайды.
Мәлімдемеде «10 қазан күні сағат 23:10-да қанды шабуыл нәтижесінде 48 реанимацияда 246 азаматымыздың емдері жалғасуда. Оқиғада 95 азаматымыз қаза тапты. Анкарадағы 29 ауруханада барлық топтарымыз қызметін атқаруда. Қаза тапқан азаматтарымыздың куәліктерін анықтау және медициналық сараптау жұмыстары Анкара бас прокуратура тарапынан жалғастырылуда. Бұл аяда сараптау жұмыстары аяқталған жаназалар кешіктірмей жанұяларына қайтарылуда. 10 жаназа жанұяларына берілді» делінді.
Қауіпсіздік көздері оқиға орнындағы алғашқы тексеруде қаза тапқандардың жанкешті екенін анықтады. 2 жанкештінің кімдер екенін анықтау жұмыстары жалғасуда. Шабуылда метал моншақтармен күшейтілген TNT жарылғыштарының қолданылғаны да анықталды.
Жарылыстың артынан премьер-министр Ахмет Давутоғлуның басшылығында Анкарада қауіпсіздік саммиті жүзеге асты.
Шамамен 6 сағатқа жалғасқан жиналысқа премьер-министр орынбасары Ялчын Акдоған, Ішкі және Денсаулық сақтау министрлігі лауазымдылары, Ұлттық барлау ұйымы кеңесшісі Хакан Фидан, Полиция Бас директоры Желалеттин Лекесіз және Анкара губернаторы Мехмет Кылычлар қатысты.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу жиналыстың артынан жасаған мәлімдемеде шабуылдың Түркияның бүтіндігіне қоса, тұрақтылық пен демократияға қарсы жасалғанын атап көрсетті.
Премьер-министр шабуылмен байланысты бағалауында «DHKP-C террор ұйымымен байланысты бір жанкешті бомба Стамбұлда ұсталды, тағы бір жанкешті болса Анкарада. Әсіресе құқық қорғау қызметкерлеріне жасалатын бір шабуыл кезінде ұсталды. Барлық осылар бізге өте ауқымды бір террор шабуылының Түркияны нысанаға алғанын көрсетеді. Бір жақты, бір басты, бір топтан туындаған емес, әртүрлі топтардың террор шабуылдарымен Түркиядағы тұрақтылық, еліміздің демократиясын қорқытуға әрекет жасалуда" деді.
Ахмет Давутоғлу бірлік пен ынтымақтастық уақыты екенін атап «Бұл қайғылы күндер де өтіп кетеді, бірақ демократиямыз жалғасады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар