Диярбакырда опасыз шабуыл: 1 шәйіт

Қауіпсіздік күштері оқиғадан кейін террористтердің ұсталуы үшін операция бастатты.

352057
Диярбакырда опасыз шабуыл: 1 шәйіт

Диярбакырда опасыз шабуыл: 1 шәйіт


Диярбакыр-Хани құрлық жолын кескен бөлшектеуші террор ұйымы мүшелері оқ атып, жұбайы және баласымен бірге жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерін өлтірді. Шабуылда полиция қызметкерінің жұбайы мен баласы аман қалды.


Қауіпсіздік күштері оқиғадан кейін террористтердің ұсталуы үшін операция бастатты.


Силван аудандық қауіпсіздік дирекциясы ғимаратына да бөлшектеуші террор ұйымы террористтері оқ жаудырды.

Террористтердің шабуылына қауіпсіздік күштері оқпен жауап берді. 

Осы арада Ванның Демократиялық аймақтар партиясынан муниципалитет төрайымы Хандан Багжы мен орынбасары Окан Байрам, муниципалитет мәжілісі мүшелері Хазыр тұтқындалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар