Түркия – гуманитарлық көмекте төртінші орында

Түркия 4 құрлықта 40-тан астам елге мейірімділік көрсетті.

369763
Түркия – гуманитарлық көмекте төртінші орында

Түркия көптеген мекем және азаматтық ұйымдарымен жер сілкінісі, су тасқыны, тайфун және жұқпалы індеттер болған елдерге берген көмегімен 4 құрлықта 40-тан астам елге мейірімділік көрсетті.


Түркияға келген сириялықтар болса 25 уақытша орталықтарда қонақ болып, мұқтаждықтары қамдалды.


Түркияның осы сала жұмсаған қаражаты 5,6 миллиард доллар болды.


Түрік Қызылайы 10 жылда шамамен 1 миллиард 47 миллион доллар халықаралық деңгейде көмек берді.


Түрік Қызылайы, AFAD және ТИКА арқылы Сирия, Палестина, Непал, Ирак, Украина, Сомали, Тайланд, Орталық Африка Республикасы, Бангладеш, Газа, Нигер, Пәкістан, Филлипин, Ауғанстан, Черногория, Косово, Босния және Герцоговина, Мавритания, Чад, Үндістан, Тонго, Мали, Малайзия, Мозамбик, Мьянма, Солтүстік Корея, Қырым секілді көптеген елде көмек жеткізілді.


Адам құқықтары мен еркіндіктер гуманитарлық көмек қоры İHH да көптеген елге жәрдем жолдады. İHH Сирия, Палестина, Мысыр, Ливан, Йемен, Сомали, Эфиопия, Бангладеш, Шри Ланка, Ауғанстан, Әзірбайжан, Аракан, Албания, Босния және Герцоговина, Шешенстан, Аче, Эритрея, Гамбия, Гана, Үндістан, Ирак, Иран, Кения, Кашмир, Қырым, Косово, Непал, Тәжікістан, Туниске жәрдем жеткізді.


«Жер беті дәрігерлері» де 4 құрлықта 40 елге медициналық көмек берді. 2 жылда 90 мың адам медициналық тексеруден өтіп, 5 мың операция жасалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар