Түркия 1 қараша күні қайтадан сандыққа жүгінеді

Сайлау күнін президент Режеп Тайып Ердоған жариялады.

337087
Түркия 1 қараша күні қайтадан сандыққа жүгінеді

Сайлау күнін президент Режеп Тайып Ердоған жариялады.


Стамбулда журналистердің сұрақтарына жауап берген президент Ердоған 7 маусымдағы сайлаудан бері коалиция үкіметі құрылмағанын еске салып, «Енді уақыт өткізудің қажеті жоқ. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Исмет Йылмазбен қайта ақылдасып, елде қайтадан сайлау өткіземіз» деді.


Президент оппозициядағы Республика халық партиясы жетекшісі Кемал Кылычдароғлуна үкіметті құру міндетін бермейтінін қайталады.


Ердоған соңғы кезде артқан лаңкестіктерге байланысты бір сұраққа да: «Шәйіт беріп жатырмыз, қайғымыз үлкен. Осы күрестер бұлардың болатынын білеміз. Құдай қаласа бұл күрестен жеңіспен шығамыз, шәйіттеріміздің қаны сұраусыз қалмайды. Бұлардың мақсаты - елді бөлу. Сондықтан халқымыз өз ішінде осы бөлшектеуші террор ұйымының мүшелерін тазалауы керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар