Үкімет құру мүмкіндігі қалмады

Түркияның алдында енді екі таңдау бар.

331848
Үкімет құру мүмкіндігі қалмады

Премьер-министр Давутоғлуның Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысымен өткен кездесуінен де нәтиже шықпады.


Премьер-министр Ахмет Давутоғлу мен Ұлтшыл қозғалыс партиясы жетекшісі Девлет Бахчелимен кеше бас қосты.


Шамамен екі жарым сағат болған кездесуден коалиция үкіметіне шешім шықпады.


Давутоғлу: «Шілде айынан бері барлық жолды сынап көргеніме сенемін. Барлық мүмкін формулалармен бөлістім деп сенемін. Соңғы рет Бахчели Әділет және даму партиясымен бір коалиция құрмайтынын айтты» деді.


ҰҚП басшысы Бахчели болса кездесуге байланысты мәлімдемесін жазбаша түрде жариялады. Бахчели: «Құрылатын сайлау үкіметіне мүше бермейміз. Сайлаудың дұрыс еместігін бұрын да айттық. Коалиция үкіметін құру үшін ыңғайлы атмосфера қалыптаспады» деді.


ҰҚП-ның коалиция үкіметіне қарсы шығуына орай енді тек екі таңдау қалды. Біріншісі Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы немесе Әділет және даму партиясының мәжілісті төтенше бас қосуға шақырып, сайлау шешімін қабылдау.


Екіншісі президент Режеп Тайып Ердоғанның үкіметті құру үшін Атазаңда көрсетілген 45 күндік мерзім аяқталатын 23 тамыздан бастап Атазаңның 116-шы бабына орай мәжіліс төрағасымен ақылдасып, сайлаудың қайталануына шешім беруі.


Бұл жағдайда шешімнен 90 күннен кейінгі бірінші жексенбі күні Түркияда қайта сайлау болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар