Коалиция үкіметі құру жұмыстарында шешім аптасы

Давутоғлу және Кылычтароғлу бүгін кешкі уақытта басқосады.

320747
Коалиция үкіметі құру жұмыстарында шешім аптасы

Кездесуде тараптар не келіссөздерді жалғастыруға не болмаса тоқтатуға шешім қабылдайды.
Үкімет құру үшін атазаңдағы 45 күндік мерзім жылдам азаюда. 23 тамыз соңғы күн.
Екі партия арасында 11 күнде өткізілген 35 сағаттық келіссөздерде делегациялар дайындағандары рапорттарды партия төрағаларына ұсынды.
Бүгін болса соңғы шешімді партия төрағалары қабылдайды.
Коалиция келіссөздеріндегі ең маңызды мәселе Ішкі істер, Әділет, Сыртқы істер мен Ұлттық Білім беру министрліктерінің қай партияға қалдырылатыны.
Келіссөздерде келісім жасала алмаған жағдайда премьер-министр Ахмет Давутоғлуның тұңғыш рет Ұлтшыл қозғалыс партиясы үшін соңғы бір талпыныс жасайтыны болжалады.
Егер Ұлтшыл қозғалыс партиясы басшысы Девлет Бахчели оппозицияда қалу тілегін жалғастыратын болса, осы жолы соңғы ықтимал ретінде ерте сайлау тақырыбы күн тәртібіне келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар