Ердоғанның Қытай сапары жалғасуда

Ердоған Түрік-Қытай Бизнес Форумына қатысты

307691
Ердоғанның Қытай сапары жалғасуда

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Қытай сапары жалғасуда.
Ердоған Қытай Ислам қоғамдарының өкілдерімен бас қосты. Өкілдер Ердоғанға Қытайда 35 мың мешіт, 40 мың діни қызметкер болғанын айтты. Бұған Ердоған риза екенін білдірді. Кездесуге Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ да қатысты.
Президент Ердоған одан кейін Қытай Халық Республикасы Президенті Ши Жинпинг бірге Түрік-Қытай Бизнес Форумына қатысты.
Форумда сөз сөйлеген Президент Режеп Тайып Ердоған екі ел арасындағы сыртқы сауда кемдігіне назар аударып, «Қытайдың Түркияда салатын инвестициялары өте маңызды» деді.
Ердоған екі ел іскерлеріне мүмкіндіктерді бірге пайдалану жөнінде үндеу тастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар