Кэмероннан Түркияға қолдау

Премьер-министр Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен телефонмен әңгімелесті.

385100
Кэмероннан Түркияға қолдау

Премьер-министрліктен жасалған мәлімдемеге қарағанда Давутоғлу әңгіме барысында Сириядағы қақтығыстың Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін және осы аяда ДАИШ пен ПКК сияқты террор ұйымдарымен күрес жайлы Кэмеронмен ақпарат бөлісті.
Давутоғлу Сирияда заңдылығы халық тарапынан жатырқамайтын уақытша бір үкімет құрылмай террор ұйымдарымен күрестің қиыншылығына назар аударып, бұл тақырыпта одақтастардың жәрдеміне қажеттілік бар екенін атап көрсетті.
Ұлыбритания премьер-министрі Кэмерон болса, Түркия жүргізген террормен күресте елінің толық қолдау бергенін атап, Сириядағы қақтығыстардың жойылуы және ДАИШ-пен күрес аясында қолдауын бұдан кейін де жалғасатынын айтты.
Кэмерон террор шабуылдарында шәйіт болған қауіпсіздік күштері және қаза тапқан азаматтар үшін көңіл айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар