Түрік әуе жолдарының Стамбұл-Эрбиль рейстері басталды

Сабиха Гөкченнен ұшатын рейстер алғашқы сатыда дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады.

346518
Түрік әуе жолдарының Стамбұл-Эрбиль рейстері басталды

Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) Стамбұл Сабиха Гөкчен әуежайынан Эрбильге рейстерін бастады.
ТӘЖ баспасөз кеңсесінен жасалған мәлімдемеге қарағанда фирма Сабиха Гөкчен әуежайынан Амстердам, Баку, Берлин, Брюссель, Дюссельдорф, Эрджан, Франкфурт, Киев, Кувейт, Лондон, Милан, Мюнхен, Париж, Тбилиси, Тегеран, Тель-Авив, Вена, Рим, Штутгарт, Кельн, Барселона, Даммамның артынан ұшу кестесіне Эрбильді де қосты.
Аталмыш әуежайдан ертең басталатын Бахрейн рейстерімен ТӘЖ-ның Сабиха Гөкчен әуежайынан ұшатын бағыт санын 24-ке жеткізді.
Сабиха Гөкчен-Эрбиль рейстері алғашқы сатыда дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері ұшады. Рейстер 16 қыркүйектен бастап, күн сайын екі жақты ұшатын болады.
Сабиха Гөкчен-Бахрейн рейстері болса ертеңнен бастап, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері екі жақты жүзеге асады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар