Президент Ердоған СКТР-дегі мереке іс-шараларына қатысты

Президент ресми қарсы алу рәсімінің артыан СКТР елбасы Мұстафа Акынджымен басқосты.

382905
Президент Ердоған СКТР-дегі мереке іс-шараларына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) 20 шілде Бейбітшілік және Тәуелсіздік мерекесінің 41-ші жылдығы рәсіміне қатысты.
Президент Ердоған кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барды. Президент ресми қарсы алу рәсімінің артынан СКТР елбасы Мұстафа Акынджымен басқосты.
Екі басшы кездесудің артынан ортақ баспасөз мәслихаты өткізді. Баспасөз жиналысында Суручтағы шабуыл күн тәртіпке келді.
Президент Ердоған шабуылды қатаң түрде айыптады. Президент шабуылда қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты.
Президент Ердоған Лефкоше (Никосия) Ататүрік ескерткішіне гүл шоғы тастап, бейбітшілік және тәуелсіздік рәсіміне қатысты.
Президент Ердоған арнайы бір ұшақпен кеше кешкі уақытта Ерджан әуежайынан Стамбұлға оралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар