Грекия Түркияға 100 миллион доллар қарызданды

Түркия Грекиядан 100 миллион долларлық табиғи газ қарызы себепті Халықаралық сотқа берген болатын.

381610
Грекия Түркияға 100 миллион доллар қарызданды

Энергия және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз Түркияның 4 жыл бұрын ашқан халықаралық сотта табысқа жеткенін білдірді.
Йылдыз «Грекияның бұл қиын кезеңінде көмектесуді қалар едік. Дегенмен азаматтарымыздың, мемлекетіміздің мүддесін күзетуге мәжбүрміз. Біздің міндетіміздің де осы бағытта атқарылғанын айтқан орынды» деді.
Йылдыз БОТАШ-мен Грекияның ұлттық фирмасы ДЕПА арасында есеп айырбастайтынын және шешімнің жарияланатынын атап, бұл көрсеткіштің 100 миллион төңірегінде болатынын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар