Ердоған «Провокациялардың тұзағына түспейік» деді.

Ердоған ұйғыр оқиғалары жөнінде мәлімдеме жасады

378413
Ердоған «Провокациялардың тұзағына түспейік» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында өмір сүрген бауырлардың қасында екенін айтып, баспасөздерде таралған жалған хабарлардың момын халықтың қате түсініп әрекет етуіне себеп болғанын білдірді.
Ердоған «Осы тақырыпта еліміздің бұқаралық пікірі абай болуы керек. Провокациялардың тұзағына түспеуін сұраймын» деді.
Режеп Тайып Ердоған Президенттік Сарайында Түркияда міндет атқарған өкілетті және төтенше елшілермен ауызашарда бас қосты. Бұл жердегі сөзінде осы айдың аяғында Қытайға бір зиярат жасайтынын еске салды.
Сапар қарсаңында кейбір қалаларда туылған оқиғаларды меңзеген Ердоған әлемнің қай жерінде болса болсын түріктермен байланысты оқиғаларды мұқиятты түрде қадағалап отырғанын баяндады.
Президент Ердоған былай деді: «Осы аяда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында өмір сүрген бауырларымызға қысым жасалғаны жөніндегі пайымдаулар бұқаралық пікірде жаңғырық жаратты. Баспасөздерде таралған жалған көріністер мен өтірік хабарлар момын халықтың аттанысқа келуіне себеп болды. Стамбулда кішкене болса да көргіміз келмеген, әсте қабылдауға болмайтын оқиғалар туылды. Түркия әлемдегі барлық бауырлас және түбі бір халықтардың қасын болғандай Қытайдағы ұйғыр түркілердің де жанында болуда. Шыңжаң ұйғыр автономиялық аймағында өмір сүрген бауырларымызбен байланысты қиыншылықтарды Қытай жоғарғы лауазымына жеткіздік. Жалғасты жеткіземіз».
Түркияның сезгірлігінің Сыртқы істер министрлігі арқылы Қытай Халық Республикасына жеткізілгенін білдірген Ердоған осы айдың аяғында Қытайға жасайтын зияратта мәселені әріптестеріне айтатынын мәлімдеді.
Ердоған «Стамбулда туылған провокация оқиғалар әрі біздің қонақжайлылығымызға үйлеспейді, әрі де ұйғыр бауырларымыздың талаптарын шеше алмайды. Осы тақырыпта еліміздің бұқаралық пікірлеріне үндеу тастаймын. Провокациялардың тұзақтарына түспеңдер. Елімізге жұмыс, саяхат, өмір сүру үшін келген Қытай және Қиыр шығыстық барлық қонақтардың жан мен мал-мүлік амандығын сақтау біздің міндетіміз. Осы адамдарға зиян тигізу-ұлтымыздың тамаша дәстүрі болған қонақжайлылығымызға опасыздық жасау болып табылады. Қауіпсіздік күштеріміздің осы тақырыпта қатты абай болатынына сенемін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар