Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жаңа төрағаны бүгін сайлайды

Мәжіліске кірген 4 саяси партия төрағалық үшін өз кандидаттарын ұсынды.

327207
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жаңа төрағаны бүгін сайлайды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағалығы сайлауы үшін өткен алғашқы екі турдағы дауыс беруде кандидаттар көпшілік дауысты (376) жинауға тиісті.
Бүгін өтетін 3-ші және 4-ші тур дауыс берудің артынан Мәжілістің жаңа төрағасы анықталады.
3-ші турда кандидаттар толық мүше санының ең көп дауыс көпшілігін (276) жинауға тиісті.
3-ші турда да қажетті дауыс көпшілігі шықпаған жағдайда, осы турда ең көп дауыс жинаған екі кандидат арасында 4-ші тур дауыс беру өтеді. Осы турда ең көп дауыс жинаған кандидат Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы ретінде сайланады.
Әділет және өркендеу партиясы Сивас депутаты Исмет Йылмазды, Республикашыл Халық партиясы уақытша төрағалық міндетін атқарып жатқан Анталия депутаты Дениз Байкалды, Ұлтшыл қозғалыс партиясы Стамбұл депутаты Экмеледдин Ихсаноғлун, Халықтардың демократия партиясы болса Мерсин депутаты Денгир Мир Мехмет Фыратты Мәжіліс төрағалығына кандидат ретінде ұсынған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар