Президент Ердоған ауыл басшыларымен ауызашарда баcқосты
Ердоған халықтың билікті ешбір партияға еншілеп бермегенін атап, саяси басшыларды жауапкершілік алуға шақырды.
«Түркияның өткенін дауға салудың қажеті жоқ, жарқын бір болашақ үшін үкімет құруға қажеттілік бар» деген президент «Қандай мәселе болмасын еліміз бен ұлтымыздың мүддесіне кедергі жасай алмайды, жасамау керек» деді.
Сайлау қорытындысын бағаландырған Ердоған сайлаудың артынан халықтың міндетін орындағанын, бұдан кейін барлық саяси партияларға үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап айтты.
Баспасөзде орын алған «Президенттік сарайда люкс шығындар жасалғаны» жайлы қауесеттерге тоқталған Ердоған бұлардың өтірік және жала екенін атап, тақырыпқа байланысты сотқа шағымданатындарын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Газада 35 мың 647 адам қаза тапты
Израиль армиясының Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 35 мың 647-ге артты.
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады
Нуман Куртулмуш черкестердің қуғынға ұшырауының 160 жылдығына орай еске алу хабарлама жариялады.