Демирел үшін жаназа рәсімі

Сүлейман Демирел үшін мәжілісте рәсім өткізілді.

310330
Демирел үшін жаназа рәсімі

9-шы президент Сүлейман Демирел үшін Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінде «ұлттық жаназа» өткізілді.


Рәсімге ел іші және шетелдерден қонақтар келді.


Жаназа рәсіміне президент Реджеп Тайып Ердоған, мәжіліс төрағасы Джемил Чичек, премьер-министр Ахмет Давутоғлу, Бас штаб төрағасы Неджет Өзел, Республика халық партиясы төрағасы Кемал Кылычдароғлу, 11-ші президент Абдуллах Гүл, Ұлтшыл қозғалыс партиясы төрағасы Девлет Бахчели мен көптеген депутат қатысты.


Бұрынғы премьер-министр Тансу Чиллер және Демирелмен көптеген жылдар бірге істеген Исмет Сезгин де жаназаға келгендер арасында.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджымен бірге шетелден көптеген өкіл қатысты.
Демирелдің арнайы дәрігері Айлин Джесур рәсім басталмастан бұрын Сүлейман Демирелдің еш тастамаған шляпасын жаназаның үстіне қойды.


Сүлейман Демирелдің өмірбаяны оқылғаннан кейін інісі Шевкет Демирел сөз сөйледі.
Шевкет Демирел ағасының ұлттың жүрегінде мәңгі жасайтынын айтып, «Иманмен, көзде жаспен оны мәңгі мекеніне шығарып саламыз» деді.


Президент Ердоған да Демирелдің жарты ғасыр бойы саясат пен мемлекеттік қызметтің түрлі сатысында қызмет еткенін айтты.


Ердоған «Түбегейлі болу оңай емес. Ұлттың тілін түсіне білу жеңіл емес. Демирел осы қасиеттерге ие, символға айналған тұлға» деді.
Рәсім үнсіз еске алумен аяқталды.


Демирелдің мәйіті артынан мәжілістен Анкараның ең ірі мешіті Коджатепеге қарай жолға шықты.

Демирелдің жаназа намазын Дін істерінің бұрынғы басшысы Мехмет Нури Йылмаз қылдырды.
Жаназа рәсімінен кейін Демирелдің мәйіті Есенбоға әуежайына жеткізілді. Сүлейман Демирелдің мәйіті Ыспарта Исламкөйге жерленеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар