Әлем баспасөзінде Демирел

Сүлейман Демирелдің қайтыс болғаны жайлы хабар әлем баспасөзінде де кең орын алды.

307348
Әлем баспасөзінде Демирел

Түркияның бұрынғы президенті Сүлейман Демирелдің қайтыс болғаны жайлы хабар әлем баспасөзінде де кең орын алды.


Халықаралық ақпарат агенттіктері Демирелдің қайтыс болған хабарын «шұғыл жаңалық» деп хабарлады.


Француз ақпарат агенттігі AFP хабарды «Түрік саясатында жарты ғасыр өз таңбасын басқан ұлы тұлға, бұрынғы президент және премьер-министр Сүлейман Демирел 90 жасында қайтыс болды» деген сөйлеммен жариялады.


Америка Құрама Штаттарының Associated Press (AP) агенттігі «Түрік саясатында соңғы жарты ғасыр ең беделді фигура болған Сүлейман Демирел дүниеден озды» деген сөзбен хабарлады.


Reuters ақпарат агенттігі де марқұм президентке берілген «баба» лақабын қолданды. Хабарда «Демирелдің баласы болмады, бірақ өзі билікте болған кезде Түркияда егіншіліктің жүрегі болған жерлерде барлығы оған «Баба» (әке) деп ат қойған еді» деп айтылған.


Жазбаша баспасөз де Демирелдің қайтыс болғанына кең орын берді. Өмір баяны жазылды.


Американың «New York Times» газеті де Демирелдің еш қолданылмаған екінші есімі Гүндоғдуны қолданды.


Газет Демирелдің мықты жадына назар аударып, артынан ұмытылмастай боп қалған «Кешегі күн кеше, бүгінгі күн бүгін» деген сөзін де еске салды.


Ағылшын BBC арнасы Сүлейман Демирелдің саяси тыйымдармен өткен өмірінен үзінді келтірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар