«Сирияның солтүстігінде ғажайып одақтастар бар»

Түркия соңғы бірнеше күнде 16-17 мың босқын қабылдады.

306020
«Сирияның солтүстігінде ғажайып одақтастар бар»

Арынч: «Сирияның солтүстігінде ғажайып одақтастар бар» деді. 


Вице-премьер Бүлент Арынч Сирияның солтүстігінің АҚШ басшылығындағы коалиция ұшақтары тарапынан бомбаланғанын, террор ұйымдары PYD, YPG және ДАИШ-тің коалиция күштерімен бірге аймақты босатуға кіріскенін айтты.


Арынч: «Сирияның солтүстігінде этникалық тазалық жасалып, ол жерлерге басқа этностардан адамдар толтырудың ишараттарын көріп отырмыз» деді.


Көмек сұраған сириялық азаматтарға қақпаның жабылмайтынын айтқан вице-премьер «Түркия бес жылдан бері осы халықтың барлық мұқтаждықтарын қамдап келеді. Түркияда 1 миллион 600 мың босқын бар. Соңғы бірнеше күнде 16-17 мың адам қабылдадық» деді.


Арынч соңғы кездегі жағдайдың халықаралық қоғамда талқылануы үшін қажетті органдарға хат жазылғанын да атап айтты.


Сонымен бірге БҰҰ Сирия мен Ирактан келген босқындардың Түркияға кіруіне орай халықаралық қоғамды көмек беруге шақырды.


Бас хатшының баспасөз мәлімдемешісі Стефан Дужарик Түркияға көп жүк артылғанын, басқа елдердің де босқын қабылдауы керектігін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар