Әділет және даму партиясы жеңіске жетті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу партия ғимаратында халыққа үн қатты.

295845
Әділет және даму партиясы жеңіске жетті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Әділет және даму партиясы бас ғимаратында халыққа үн қатып, сайлау қорытындысы жайлы көзқарасын бөлісті.
Әділет және даму партиясы қайта дастан жазғанын атап айтқан Давутоғлу «Әділет және даму партиясы бұл сайлаудан жеңіспен шықты. Ешкім жеңілген сайлаудан жеңіспен шыққанын ойламасын. Барша өз есебін шығаруға тиісті» деді.
Халықтың шешімінің тұрақты екенін атап айтқан Давутоғлу «Бұл шешімді құрметтеу барлық тараптардың міндеті» деді.
Премьер-министр елдің шығысы мен батысын біріктіруді жалғастыратындарын атап, Түркияның омыртқасының Әділет және даму партиясы екенін сайлау қорытындысының көрсеткенін атап көрсетті.
Давутоғлу «Ұлтымыз тыныштық сақтап, болашаққа сеніммен қарау керек. Өйткені ұлттың омыртқасы ретінде Әділет және даму партиясы міндетін атқарады» деді.
Давутоғлу тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда ешқашан бұзақылыққа рұқсат бермейтіндерін білдірді.
Премьер-министр жаңа атазаңы үшін де барлық партияларға «Сөз еркіндігін ұстанған, адам абыройына негізделген, келешек пен болашаққа барлық жастарды дайындайтын ‘Жаңа бір атазаңға көшейік’ деп шақыру тастаймын» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар