Эгей теңізінде 428 келімсек құтқарылды

Эгей теңізінің әртүрлі жерінде 428 келімсек жағалаудағы күзет тобы тарапынан құтқарылды.

300590
Эгей теңізінде 428 келімсек құтқарылды

Измир губернаторлығы заңсыз мигранттарға қатысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде 30 мамыр-1 маусым күндері арасында Муғланың Бодрум ауданында 316, Айдынның Дидим ауданында 13, Балкесирдің Айвалык ауданы су айдынында 51, Измирдің Чешме ауданында 48 келімсек құтқарылғанын атап көрсетті.
Мәлімдемеде сондай-ақ Эгей теңізінде 2015 жылы 8 мың 733 келімсектің құтқарылғаны және мигранттарды заңсыз жолмен алып келген 28 адам тұтқындалғаны білдірілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар