Стамбұлда «Тәуелсіз Иерусалим шеруі» өтті

Мави Мәрмәр кемесінде Израиль өлтірген түрік азаматтары еске алынды.

299668
Стамбұлда «Тәуелсіз Иерусалим шеруі» өтті

Адам құқықтары мен еркіндіктері гуманитарлық жәрдем қоры тарапынан Газаға гуманитарлық жәрдем тасымалдаған Мави Мәрмәр кемесіне халықаралық су айдынында 2010 жылы 31 мамыр күні Израиль жасаған шабуылдың 5 жылдығында «Тәуелсіз Иерусалим шеруі» Стамбұлда ұйымдастырылды.
Қор басшысы Бүлент Йылдырым осында айтқан сөзінде Израильдің Мави Мәрмәр кемесіне арнайы жасақтарымен шабуылдағанын түсіндірді.
Йылдырым «Қарусыз едік, жай азаматтар едік, гуманитарлық жәрдем апарып жатыр едік, жетім балаларға ойыншықтар беретін едік. Бүкіл әлем бізді жақтап еді. БҰҰ мәлімдеме жасады. Еуропа парламенті біздің құқылы екенімізді жариялаған болатын. Палестинаның су айдынына жетпеген едік. Барлық осыларға қарамастан бізге шабуылдады» деді.
Шабуылдың 1.5 сағатқа жалғасқанын атап көрсеткен Йылдырым «Қаласақ 100 Израиль әскерін де өлтірер едік. Бірақ кеменің басшысы ретінде ‘өлсек те, өлтірмейміз’ деп бұйрық бердім. Қолдарындағы бомбалар мен қаруларды алдық. Жарақат алған Израиль әскерлерінің өзін емдедік. Дегенмен олар жауыздықпен оқ атты» деді.
Йылдырым Израильдің гуманитарлық жәрдем кемесі Мави Мәрмәрге бағытталған шабуылдың артынан халықаралық қоғамда одан да жалғыз қалғанын атап айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар