Жағалаудағы күзет тобы Эгей теңізінде келімсектерді құтқарды

Бодрум ауданынан жолға шыққан үш қайықтың біреуі Эгей теңізінде суға батты.

269534
Жағалаудағы күзет тобы Эгей теңізінде келімсектерді құтқарды

Муғланың Бодрум ауданынан қайықтармен Грекияның Истанкөй аралына өту үшін жолға шыққан 106 келімсек құтқарылды.
Келімсектер заңсыз жолмен шетелге шығу үшін 3 қайықпен Бодрумнан Эгей теңізіне қарай бет алды.
Қайықтардың бірі суға кетіп, теңізде өліммен бетпе-бет қалған 12 келімсек Түрік теңіз күштеріне қарасты жағалау күзет тобы тарапынан құтқарылды.
Аймақта іздестіру шараларын жалғастырған топтар тағы 2 қайықтағы 94 келімсекті тапты.
Сирия, Конго және Иран текті келімсектер денсаулықтарын тексеру үшін ауруханаға апарылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар