Түрік кемесіне шабуыл жасалды

Шабуылда түрік капитан қаза тапты, кейбір экипаж жарақат алды.

269745
Түрік кемесіне шабуыл жасалды

Ливия теңіз айдынында түрік фирмасына тиесілі «Туна-1» атты жүк кемесіне әрі құрлық, әрі әуеден шабуыл жасалды. Шабуылда кеменің түрік капитаны қаза тапты.
Кеме Тобрук портына қарай бара жатқанда Тобруктың шамамен 13 миля қашықтығында халықаралық су айдынында зеңбірек шабуылына ұшырады.
Осы шабуылдан қашуға тырысқан кемеге екі бөлек әуе шабуылы жасалды.
Шабуыл себепті экипаж жарақат алып, кемеде материалды зиян келді.
Сыртқы істер министрлігі тақырыппен байланысты жасаған мәлімдемеде «Халықаралық су айдынында азаматтық бір кемеге қарсы жауыздықпен жасалған бұл шабуылды қатаң түрде айыптаймыз, шабуылды жасағандарды қарғаймыз» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар