ТИКА Ирактағы түрікмен босқындарға жәрдем жасады

ТИКА Ирактың Керкүк қаласындағы Яхиява шатыр кенттегі түрікмендерге гуманитарлық жәрдем жасады.

251766
ТИКА Ирактағы түрікмен босқындарға жәрдем жасады

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі басқармасы ТИКА Ирактың Керкүк қаласындағы Яхиява Шатыр кенттегі түрікмендерге гуманитарлық жәрдем жасады.
ТИКА жәрдем тобы 2 мың 600 адам өмір сүрген лагерге кондиционер, асхана материалы және мектеп материалдары таратты.
ТИКА Ирак координация Сибел Гүнейи лагерге мұның алдында да әртүрлі жәрдемдер жіберілгенін еске салып, лагерде өмір сүрген адам санының үздіксіз артып отырғаны себепті жәрдем қажеттілігінің де артқанын және осыған орай жаңа жәрдем іс-шаралары ұйымдастыруға шешім қабылдағандарын атап айтты.
Ирак Түрікмен Майданы мәлімдемешісі Али Мехди болса жәрдемдер үшін барлық түрік халқына және ТИКА-ға алғысын білдірді.
Түрікмен босқындар болса Түркия жасаған жәрдемдерге риза.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар