"Сирияда сенімді аймақ керек"

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Вашингтонда сөз сөйледі.

244117
"Сирияда сенімді аймақ керек"

Америка Құрама Штаттарында кездесулер жүргізген Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу аймақтың шындықтарын жетіс білетін Түркияның Сирияда сенімді аймақ қалыптастырылуын ұсынғанын айтты.


Вашингтонда бір конференцияда сөз сөйлеген Чавушоғлу Түркияның жалғыз өзі осындай бір аймақ қалыптастырғысы келмейтінін айтып, одақтастарды көндіру үшін жұмыстанатындарын білдірді.


Чавушоғлу «Сирияда сенімді аймақ болуы керек. Осыған мұқтажбыз. Қазір жабдықта-жаттықтыр бағдарламасын жүргізу үшін жұмыстанудамыз. Осы бағдарламаның да табысқа жетуі үшін сенімді аймақ керек» деді.


Осы арада конференцияда сөз кезегін алған бір Сомали азаматы Түркияның еліне жасаған қызметтеріне орай алғыс білдірді.


Еліне ешкім келмеген кезде президент Ердоғанның келгенін меңзеген Сомали азаматы елінің қазіргі деңгейге Түркияның арқасында жеткенін айтты.


Сомали азаматы президент Ердоғанға Құран жолдап, сыйлығын өкілетті елшілік қызметкерлеріне тапсырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар