Анадолу агенттігінің операторы Сирияда жарақат алды

Анадолу агенттігі тобы орналасқан жерге зымыран құлады.

235599
Анадолу агенттігінің операторы Сирияда жарақат алды

Сирияның Халеб қаласындағы қақтығыстарды түсіріп жатқан Анадолу агенттігі (АА) тобының операторы Хүсейин Наср режим күштерінің Жемийет эз-Зехра аймағына жасаған зымыран шабуылында жарақат алды.
Режим күштерінің зымыран шабуылын түсіргісі келген фототілші Салих Махмуд Лейла және операторлар Мұхаммед Кураб пен Мұхаммед Наср бір төбенің артынан бұғынып қақтығысты түсіре бастады.
Дәл сол кезде бір зымыран Анадолу агенттігі тобының маңына құлады. Анадолу агенттігі қызметкерлерінің 5 метр жақынына құлаған зымыран себепті оператор Наср басынан жеңіл жарақат алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар