Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Молдовада

"Түркия Ресейдің заңсыз Қырым аннексиясын танымайды".

222447
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Молдовада

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу бұл тақырыпты Молдовада әріптесі Наталия Германмен талқылады.
Германға Қырымдағы халықтың әсіресе Қырым татар халқының қысым мен шабуылдарға ұшырағанын атап айтқан Чавушоғлу «Біздің Қырым тақырыбындағы көзқарастарымыз ашық түрде ортада. Қырымның заңсыз түрде басқыншылығын таныған жоқпыз және танымаймыз. Әрі Ресей, әрі Украинамен ынтымақтастығымыз бар. Ресей біз үшін маңызды бір сауда ортағы. Дегенмен сол жердегі шындықты айтуымызға тосқауыл бола алмайды» деді.
Қырымға бір делегация жіберілетінін атап айтқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Қырым татар теле каналы ATR-нің жабылуында сынға алды.
Чавушоғлу Қырымдағы қазіргі биліктің ATR-нің рұқсатын жаңартуының Қырым татар халқына жасалған қысымның бір көрсеткіші екенін атап айтты.
Қырым татар халқына бағытталған қысым мен заңсыз шабуылдардың тізімін Ресей президенті Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа бергендерін айтқан Чавушоғлу «Жергілікті биліктің Қырым татар арнасының қайта трансляцияға қосылуы үшін қажетті қадамдарды басуын күтеміз» деді.
Мевлүт Чавушоғлу Молдова әкімшілігіне Гөкоғуз (Гагаузия) Жері Автономиялық Республикасының заңды талаптары тақырыбындағы қолдауы үшін алғысын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар