Кепілдікке алынған прокурор Кираз ауруханада шәйіт болды

Стамбұлдағы Әділет сарайында кепілдікке алу оқиғасында 2 террорист өлтірілді.

290477
Кепілдікке алынған прокурор Кираз ауруханада шәйіт болды

Стамбұлдағы Әділет сарайында кепілдікке алу оқиғасы аяқталды. Оқиға террормен күрес арнайы жасақтары және полицияның операциясымен бітті.
Радикал ұйым мүшелері тарапынан кеше кепілдікке алынған соң тапаншамен жараланған прокурор Мехмет Селим Кираз ауруханада шәйіт болды.
Оқиғада 2 террористтің көзі жойылды.
Ресми сапармен Румынияда жүрген президент Режеп Тайып Ердоған кепілдікке алу оқиғасын жақыннан қадағалап отырды.
Президент Ердоғанға премьер-министр Давутоғлу үздіксіз мәлімет берді. Президент Ердоған прокурор Мехмет Селим Кираздың басына 3, дене мүшелеріне 2 оқ тигенін мәлімдеді.
Прокурордың бөлмесінен қару дауыстары естілгеннен кейін полицияның операция бастады. Президент «Қатты назар аударарлық, ғибрат аларлық оқиға» деді.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу болса операцияға қатысты егжей-тегжейлі мәлімдеме берді.
Шабуылды түрік құқық жүйесіне, демократияға және бүкіл азаматтарға бағытталған бір шабуыл деп санайтындарын атап айтқан премьер-министр қоғамды тыныштық сақтап, бірлікке шақырды.
Давутоғлуның айтуынша террористтер Әділет сарайына адвокат киімімен кірген.
6 сағат бойы прокурорды құтқару үшін келіссөз жүргізілді. Премьер-министр бұдан былай Әділет сарайында қауіпсіздік шараларын одан да арттыру үшін қадам басылатынын атап көрсетті.
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Жемил Чичек оқиғамен байланысты көңіл айтып, шабуылды қатаң түрде айыптағанын білдірді.
Чичек «Бұл адамзатқа қарсы жасалған бір қылмыс. Осы қылмысты жасағандардың адам болуы мүмкін емес» деді.
Вице-премьер Ялчын Акдоған да ресми твиттер парақшасында «Актерлері, мақсаттары, қолдаушысы кім болса да, террордың әр түрлісін айыптаймын» деп жазды.
Әділет министрі Кенан Ипек болса шәйіт прокурор Мехмет Селим Кираз жеткізілген ауруханаға барып, жанұясына көңіл айтты.
Прокурор Мехмет Селим Кираз бүгін Стамбұлда жерленеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар