Чавушоғлу Молдова және Литваға барады

Түрік Сыртқы істер министрі Молдова мен Литваға іссапармен барады.

289347
Чавушоғлу Молдова және Литваға барады

Сыртқы істер министрі Чавушоғлу Молдова және Литваға барады.


Молдова Сыртқы істер министрі және Еуропа Интеграция министрі Наталья Германның шақыруымен 2 сәуір күні Молдоваға баратын Чавушоғлу 3 сәуір күні де Литва Сыртқы істер министрінің шақыруымен Литваға барады.


Чавушоғлу Молдовада Сыртқы істер министрі Германмен кездесуінде екі жақты қатынастардың соңғы кездердегі жағдайы мен аймақтық және халықаралық тақырыптарды қолға алады.
Чавушоғлу бас қала Кишиневте Молдова президенті Николай Тимофти, премьер-министр Кирилл Габурич тарапынан да қабылданады. Артынан Гагауз автономдық аймағына барады.


Литва сапарында да түрік министр Балтық елдерімен қатынас және артып отырған ынтымақтастықтың жалғастырылуы мақсатымен әріптесі Линас Антанас Линкявичюспен кездесу өткізеді.


Чавушоғлу Литва сапары аясында президент Даля Грибаускайте және премьер-министр Альгирдас Буткявичюс тарапынан қабылданады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар