Биылғы ТРТ Балалар фестивалі Анталияда болады

ТРТ биыл Халықаралық 23 сәуір Балалар фестивалінің 37-шісін өткізеді.

257314
Биылғы ТРТ Балалар фестивалі Анталияда болады

Биылғы ТРТ Балалар фестивалі Анталияда болады.


ТРТ биыл Халықаралық 23 сәуір Балалар фестивалінің 37-шісін өткізеді.


Осы шараға байланысты баспасөз мәслихаты болып өтті.


Бас директор орынбасары Ибрахим Эрен Ұлы көсем Мұстафа Кемал Ататүрік балаларға сыйлаған 23 сәуір мерекесінің 1979 жылдан бері ТРТ тарапынан халықаралық деңгейде тойланып келе жатқанын еске салды.


Фестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен бүгінге дейін 30 мыңнан астам бала Түркияда қонақ болды. Биыл Анталияда болатын фестивальге 50 елден балалар келеді.
ТРТ Бас директорының орынбасары Эрен 15-23 сәуір күндері арасында өтетін фестиваль аясында қаланың көптеген жерінде шаралар, концерттер болатынын, қонақ балалардың қаланың тарихи және туристік мекендерін аралайтынын білдірді.


«Фестиваль тамаша өтеді деп тілейміз. Тыныш өтуі үшін барлық қауіпсіздік шараларын қамдадық. Балалар арасындағы достық болашақта әлем бейбітшілігіне үлес қосады деп сенеміз» деді ол.


Анталия әкімі Муаммер Түркер де ұлттық бір мереке балаларға сыйланған жалғыз елдің Түркия екенін атап көрсетті.


Халықаралық Балалар фестивалін өткізу үшін Анталия қаласын таңдаған ТРТ-ге алғыс білдірген Түркер Анталияның сұлулығының бүкіл әлемге таныстырылатынын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар