Ердоған ескерту жасады

Түрік президент Мысырда әлеуметтік «жарылыс» болуы мүмкін екенін айтты.

247290
Ердоған ескерту жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған ескерту жасады.


Түрік президент Мысырда әлеуметтік «жарылыс» болуы мүмкін екенін айтты.


Сауд Арабиясына сапарын қорытындылаған Ердоған Сауд Арабиясының Мысырдағы проблемалардың шешілуінде ықпалды рол алуы керектігін атап көрсетті.


Президент Мысырда төңкеріспен билік басына келген Сиси әкімшілігінің халқына жылы қарауына ықпал ете алатын елдің Сауд Арабиясы екенін білдіріп, мұны осы елдің басшыларына да жеткізгенін айтты.


«Егер Сауд Арабиясы бір қадам басатын болса, Мысырда жағдай өзгереді» деді ол.


Мысырда жүйелі түрде жұмсару болмаса, болып жатқан оқиғаларға байланысты әлеуметтік «жарылыс» болуы мүмкін екендігін атап айтқан Ердоған «Мысыр – 90 миллион тұрғын санымен сол аймақтағы ең маңызды бауырлас еліміз. Мысырды елемей қалуымыз мүмкін емес. Түркия, Мысыр және Сауд Арабиясы аймақтың ең маңызды елдері» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар