Кабулдегі шабуылда бір түрік қаза тапты

Давутоғлұ шабуылды айыптады.

238694
Кабулдегі шабуылда бір түрік қаза тапты

Ауғанстанның астанасы Кабулде бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған жан кештік шабуылда 1 түрік азаматы қаза тапты, 1 түрік жараланды.
Шабуылда жолдан өткен бір ауған да мерт болды.
Оқиғаның жауапкершілігін Талибан мойнына алды.
Ауғанстан Ішкі істер министр орынбасары Еюп Салани жан кештік шабуылдың түрік азаматы қолданған көліктің нысанаға алынғанын баяндады.
Шабуыл таңғы уақытта Түркия, Германия және Иран елшіліктері орын алған аймақта ұйымдастырылды.
Премьер-министр Ахмет Давутоғлұ Анкарадағы губернаторлар жиналысында Ауғанстанда болған шабуылды айыптады.
Премьер-министр «Осы шабуыл алдында Түркия бекімді тұғырын жалғастырады. Ауғанстанның тұрақтылығы мен тыныштығына жалғасты үлес қосады. Аяусыз шабуыл жасағандардың жазаландыруын күтеміз» деді.
Шабуылды мойнына алған Талибан нысананың түріктер емес, америкалықтар екені атап өтілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар