Ердоған Сауд Арабиясына барады

Президент Сауд Арабиясы королі Селман бин Абдуллазиз әл Суудтың қонағы ретінде осы елге ресми іссапармен барады.

238403
Ердоған Сауд Арабиясына барады

Ердоған Сауд Арабиясына барады.


Президент Режеп Тайып Ердоған Сауд Арабиясы королі Селман бин Абдуллазиз әл Суудтың қонағы ретінде осы елге ресми іссапармен барады.


Бұл туралы президенттік баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламаға қарағанда, Ердоған 28 ақпан мен 2 наурыз күндері аралығында Сауд Арабиясында болады.


Сапар аясында Сауд Арабиясы королі Селман бин Абдуллазиз әл Суудпен Риад қаласында бас қосады. Кездесуде «тамырлы тарихқа сүйенетін бауырластық байланыстағы» Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы стратегиялық маңыздағы қатынастармен қоса актуалды аймақтық және халықаралық тақырыптарда көзқарас алмасылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар