«Түркия халықаралық құқығын қолданды»

Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Халит Чевик БҰҰ-да сөйледі.

230538
«Түркия халықаралық құқығын қолданды»

«Түркия халықаралық құқығын қолданды»


Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Халит Чевик «Түркия Сүлейман Шах операциясын халықаралық құқықтан туындаған хақтарын қолданып жүзеге асырды» деді.
Чевик БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде өткен «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жалғастырылуы: Тарихи жайттар» жиналысында сөз сөйлеп, Сүлейман Шах операциясы жөнінде мәлімет берді.


Чевик «Сүлейман Шах қабірі ИГИЛ қаупінде болатын. Түркия 9 сағаттық операцияда халықаралық келісімдер және халықаралық құқықтан туындаған хақтарын қолданды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, БҰҰ бас хатшысы және басқа өкілетті органдарға операция аяқталғаннан кейін мәлімет берді» деді.


БҰҰ реформасы жөнінде де «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндірген тақырыптармен күресте сәтсіз болу осы мекеменің сенімділігіне зиян келтіруде» деді.
Түрік өкіл БҰҰ-ның одан да ықпалды болу үшін жұмыстануы керектігін айтып, «Демократ, ашық, ықпалды және есеп бере алатын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін қалыптастыру керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар