Түркия Сирия операциясы туралы мәлімдеме жасады

Сүлейман Шахтың мәйіті мен кесенені қорғайтын әскерлер Түркияға әкелінді.

227433
Түркия Сирия операциясы туралы мәлімдеме жасады

Түркия Сүлейман Шах кесенесін қорғайтын гарнизонды эвакуациялау мақсатты операция жасады. ‘Шах Эфрат’ атты операциямен байланысты Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жасады.
Министрлік мәлімдемесінде Сирия шекарасына қарасты Сүлейман Шах кесенесі мен әскери қорғау станциясының халықаралық заңдар негізінде тіркеуге алынған түрік топырағы екені атап көрсетілді.
Сириядағы ішкі соғыс және тұрақсыздықтың Сүлейман Шах кесенесі мен гарнизоны үшін маңызды рисктер туғызғаны білдірілді.
Мәлімдемеде «Сүлейман Шах кесенесі мен гарнизоны Сүлейман Шахтың мазарымен бірге Сирия шекарамыздағы Сирия Эшме ауылының солтүстігіндегі бірдей ауданға ие бір жайға апарылды» делінді.
Мәлімдемеде сондай-ақ «қауіпсіздік себепті Сүлейман Шах кесенесі мен гарнизонының орнын көшірудің келісімдермен бекітілген ереженің бұзылғаны деген мағынаға келмегені» атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар